Көкпардан жастар арасындағы XIV Қазақстан Республикасы чемпионатының кіші финалдық бәсекелері өтті.

03/11/2020

Бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан көкпардан жастар арасындағы XIV Қазақстан Республикасы чемпионатының кіші финалдық бәсекелері өтті.

 Алғашқы ойын Алматы қаласының құрамасы мен Жамыбл облысынан келген «Әулиеата» жастар көкпар командасы арасында өтті. Тартысты өткен жарыста жамбылдықтардың мерейі үстем болып 4-0 есебімен жеңіске жетті.

 Ізін ала 4-5 орындар үшін Алматы облысы құрамасы мен Маңғыстаудан келген «Адай ата» жастар көкпар командасы арасында тартысты бәсеке өтті. Алғашқы тайм 2-2 есебімен тең аяқталса, ойынның соңғы 5 минутында Алматы облысының құрамасы сәтті салым салып есепте алға шықты. Ойын қорытындысында Алматы облысы 4-орынға ие болды.

Нәтижелер:
1-3 орын үшін: Алматы қаласы – Жамбыл облысы 0-4
4-5 орын үшін: Маңғыстау облысы – Алматы облысы 2-3

Ертеңгі болатын шешуші ойында Жамбыл облысы мен Түркістан облысы жастар құрамалары кездеспек.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер