Грэпплингтен AIGA Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

08/11/2020

2020 жылдың 7-8 қарашасында Шымкент қаласында грэпплингтен AIGA Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 11 аймағынан 151 спортшы қатысты.



Чемпионаттың қорытындысы бойынша командалық 1-орынды Нұр-Сұлтан қаласы спортшылары иеленсе, 2 орынды Алматы қаласы мен Қостанай облысы өзара бөлісті. 3 орынды Алматы облысының командасы иеленді.

Турнир барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, көрерменсіз өткізілді.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер