13.06.2025 | 21:34

АБИБА ӘБУЖАҚЫНОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Дзюдодан Будапеште (Мажарстан) өтіп жатқан жаһандық доданың бірінші күнінде Қазақстан қоржынына күміс жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Абиба Әбужақынова 48 кг дейінгі салмақтың шешуші сынында былтырғы финалист Ассунта Скуттомен (Италия) жолығып, есе жіберді.

Екі спортшы 2023 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде үшін таласып, жеңіс Скуттоға бұйырған.

Естеріңізге сала кетейік, Абиба осыған дейін 3 жыл қатарынан әлемдік додада жартылай финалға шығып, 2 мәрте қола жүлдегер (2022, 2024) атанған.

Бұдан бөлек, әлем чемпионатының алғашқы күнінде 60 келіде Мағжан Шамшадин (7-орын), Шерзод Давлатов, 48 келіде Ғалия Тынбаева жүлдеге таласты.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес