01.03.2024 | 17:22
Бөлісу:
Әбиба Абужақынова алғаш рет Үлкен дулыға бәсекесінде күміс медаль алды
Дзюдодан Ұлттық құрама көшбасшысы Әбиба Абужақынова (-48 кг) Өзбекстан астанасы Ташкентте басталған Үлкен дулыға бәсекесінде 2-орынға тұрақтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әбиба финалда Сабина Гилиязовадан жеңіліп қалды. Бұл екі палуан арасындағы екінші белдесу. Қазір есеп 1-1. Осы салмақтағы қола жүлде Тара Бабулфат пен Тугче Бедерге (Түркия) бұйырды.
Күндізгі сессияда Абужақынова жартылай финалда Тара Бабулфатты (Швеция), ширек финалда Мария Селия Лабордені (АҚШ) ұтты. Ал іріктеуде Тамар Малка (Израиль) мен Гүзел Янамованың (Түркменстан) осал тұсын тапқан.
Осы салмақтағы тағы бір спортшымыз Ғалия Тынбаева ресейлік Сабина Гилиязовадан жеңілді.
Бұл қазақ дзюдошысының Үлкен дулыға санатындағы турнирдегі алғашқы күміс медалі. Әбиба осыған дейін Баку (2024 жыл), Тбилиси (2023 жыл), Париж (2023 жыл), Абу-Даби (2022 жыл) мен Ұлан-Батыр (2022 жыл) қаласындағы Grand Slam-да қола жүлдеге ие болған. Сондай-ақ ол осыдан 2 жыл бұрын Ташкент татамилерінде әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесін мойнына таққан.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ
АҚТӨБЕДЕ ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ