30.07.2024 | 14:00
Бөлісу:
АБЫЛАЙХАН ЖҰБАНАЗАР МЕН ЭСМИГҮЛ КУЮЛОВА ҮШІН ОЛИМПИАДА АЯҚТАЛДЫ
Дзюдодан Ұлттық құраманың 81 кг салмақтағы көшбасшысы Абылайхан Жұбаназар Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде мажар Атилла Унгваридан қосымша уақытта (golden score) жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Алғаш болып отандасымыз әдіс жасаған. Алайда төрешілер жеңісті қарсыласына берді.
Осыдан кейін татамиге шыққан Эсмигүл Куюлова Париж Олимпиадасындағы бірінші белдесуінде Лубьяна Пиовесанаға (Аустрия) жол берді. Айта кетейік, бұл Эсмигүлдің алғашқы Олимпиадасы. Ал Любьяна – Үлкен дулыға бәсекесін 2 рет жеңген, жастар арасында Еуропа чемпионы.
Суреттер: Сали Сабиров.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАҚТӨБЕДЕ ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
ДЗЮДОШЫ НҰРҚАНАТ СЕРІКБАЕВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
АҚТАУДАҒЫ АЗИЯ КУБОГЫНДА 4 ЕЛДІҢ ДЗЮДОШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕ АЛДЫ