
12.03.2025 | 17:55
Бөлісу:
АЛЕКСАНДРА СКОРОХОДОВА МЕН ИГОРЬ ЗАКУРДАЕВ VI ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДА ТАҒЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Бүгін Риддер қаласында өтіп жатқан тау шаңғысынан ҚР-ның VI қысқы Спартакиадасында кезекті жүлде жиынтығы өз иесін тапты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Гигант-слалом бағдарламасында Александра Скороходова мен Игорь Закурдаев топ жарып, кешегідей тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.
Гигант-слалом, ерлер:
1. Игорь Закурдаев (ШҚО) 1.53:65 секунд
2. Захар Кучин (ШҚО) 1.54:73 секунд
3. Данил Сысоев (ШҚО) 1.55:68 секунд
Әйелдер:
1. Александра Скороходова (Алматы қаласы) 1.57:56 секунд
2. Яна Мелинг (ШҚО) 1.59:86 секунд
3. Далель Толкунова (Алматы қаласы) 2.00:13 секунд.
Ертең альпі комбинациясы дисциплинасында үздіктер есімі белгілі болады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
VI ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДА: ТАУ ШАҢҒЫСЫНАН АЛҒАШҚЫ ЧЕМПИОНДАР АНЫҚТАЛДЫ

АЛЕКСАНДРА СКОРОХОДОВА FIS КЕЗЕҢІНДЕ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ