
30.06.2025 | 21:14
Бөлісу:
ӘЛЕМ КУБОГЫ: АЛҒАШҚЫ КҮНІ 4 БОКСШЫМЫЗ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Бокстан Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында отандастарымыз үшін Әлем кубогының бірінші жарыс күні мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Күндізгі сессияда 3 дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (48 келі) мен Әнел Сақыш (54 келі) сәтті дебют жасаса, өкінішке қарай, 70 келідегі Абылайхан Жүсіпов қабағының жарылуына байланысты турнирді аяқтауға мәжбүр болды.
Кешкі сессияда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Виктория Графеева (60 келі) мен Наталья Богданова (70 келі) да қарсыластарынан басым түсті.
Айта кетейік, Астана төрінде рекордтық 29 елден 300-ге жуық боксшы бас қосты. Бірінші кезеңде (Бразилия) 19 ел қатысса, екінші кезеңде (Польша) 24 мемлекет жүлдеге таласқан.
Бір аптаға жалғасатын додада Қазақстан құрамасы барлық 20 салмақта (ер және әйел) ең үздік боксшыларын қатыстырады. Олардың арасында 7 әлем чемпионы (Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай, Бекзад Нұрдәулетов) және 2 Париж Олимпиадасының жүлдегері (Назым Қызайбай мен Нұрбек Оралбай) бар.
Айта кететіні, 30 наурыз - 6 сәуір аралығында Фос-ду-Игуасу (Бразилия) қаласындағы алғашқы кезеңде жерлестеріміз 3 алтын, 3 қола жүлде жеңіп алған болатын. Салыстырмалы түрде сол кезде құрам 100%-ға толықтай жаңарды.
Бұған дейін Астана қаласы Әлем кубогының командалық бәсекесін сонау 2002 жылы қабылдап, Геннадий Головкин, Мұхтархан Ділдәбеков, Галиб Жафаров сынды жерлестеріміз күміс медальді жеңіп алған болатын.
Астана қаласының тұрғындары жекпе-жектерді күндіз 14:00 және кешке 19:00-де екі сессия бойынша тамашалай алады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ӘЛЕМ КУБОГЫ: БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ

АЙБЕК ОРАЛБАЙ – ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНІҢ ЧЕМПИОНЫ

АЛУА БАЛҚЫБЕКОВА – ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

САНЖАР ТӘШКЕНБАЙ – ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНІҢ ЧЕМПИОНЫ