25.03.2025 | 16:51

ӘЛІМХАН СЫЗДЫҚОВ 3-РЕТ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

Грек-рим күресінен аса ауыр салмақтағы отандасымыз Әлімхан Сыздықов Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының ақтық сынына жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол жартылай финалда өзбекстандық (130 кг) Темурбек Насимовты ұтты.

Еске сала кетейік, Әлімхан осыған дейін 2021 жылы Алматыдағы Азия чемпионатында күміс, 2022 жылы Ұлан-Батырда чемпион атанған.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес