04.10.2024 | 18:13

ӘМІР МАЙМҰРАТОВ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА КҮМІС МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Құзға өрмелеуден Ұлттық құрама спортшысы Әмір Маймұратов Сеулдегі Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол іріктеуде 6-сатыға тұрақтады. Бүгін 1/8 айналымда Таиланд, ширек финалда жастар арасындағы әлем чемпионы америкалық спортшыдан жылдам болды. Жартылай финалда әлем чемпионы Маттео Зурлонидан басым түсті. Ал финалда Әмір қытайлық спортшыға есе жіберді.

Бүгін Әмір Әлем Кубогындағы үздік уақытын көрсетті (5.1 секунд).

Фото: Сали Сабиров.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес