11.04.2025 | 21:57

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЕЛІМІЗДЕГІ ҚЫСҚЫ СПОРТТЫҢ АЛПАУЫТЫ АТАНДЫ

8 ақпан мен 11 сәуір аралығында 14 спорт түрінен өткен VI қысқы Спартакиаданың үздіктері белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Кешенді жарыс ресми түрде еліміздегі ең ескі спорт сарайының бірі - Өскемендегі Борис Александров атындағы спорт сарайында мәресіне жетті. 3 ай бойы талас пен тартысқа толы бәсекеде Ақмола облысының жалпы есепте бағы жанды.

Қорытынды кесте:

1-орын Ақмола облысы – 16 алтын, 9 күміс,4 қола

2-орын Астана қаласы – 15 алтын, 18 күміс, 42 қола

3-орын Алматы қаласы – 11 алтын, 9 күміс, 31 қола

Ақмола облысы ең көп алтынды шаңғы бәсекесінен (10 алтын) жеңіп алды.

Бұған дейінгі 3 қысқы Спартакиаданың чемпиондары:

2021 жыл. Алматы қаласы

2017 жыл. Алматы қаласы

2013 жыл. ШҚО

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес