17.06.2025 | 08:54

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

11-16 маусым аралығында алғаш рет Өскемен қаласында өткен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы Спартакиадасының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

16 облыс және 3 мегаполисінен 1000-ға жуық қатысушы 9 спорт түрінен (шағын футбол, волейбол, 3х3 баскетбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, жүзу, қазақ күресі) жүлде сарапқа салды.

Жалпы есеп:

1. Ақтөбе обл - 202 ұпай

2. Атырау - 199

3. БҚО - 197

4. ШҚО - 180

5. Түркістан обл. - 172

6. Павлодар обл. - 170,5

7. Абай обл. - 153

8. Ақмола обл. - 126,5

9. Жетісу обл. - 120,5

10. Шымкент қ. - 117

11. Қарағанды обл. - 115

12. Алматы обл. - 111

13. Жамбыл обл. - 92

14. Қызылорда обл. - 89

15. Қостанай обл. - 82,5

16. Астана қ. - 78

17. Ұлытау обл. - 67,5

18. Маңғыстау обл. - 66,5

19. Алматы қ. - 15

Айта кетейік, 2024 жылы Ақтөбеде өткен Спартакиадада Ақтөбе облысы топ жарып, Батыс Қазақстан облысы мен Түркістан облысы үздік үштікті түйіндеді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес