28.07.2024 | 19:17

АСЛАНБЕК ШЫМБЕРГЕНОВ ҮШІН ОЛИМПИАДА АЯҚТАЛДЫ

Париж Олимпиадасында Ұлттық құраманың капитаны, 71 кг дейінгі салмақтағы Асланбек Шымбергенов алғашқы айқасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері Зейяд Ишаишқа есе жіберді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жекпе-жек 2-3 есебімен аяқталды.

Еске сала кетейік, 2022 жылы екі боксшы Иорданияда өткен Азия чемпионатының финалында кездесіп, Асланбек басым түскен.

Суреттер: Сали Сабиров.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес