06.10.2022 | invalid
Бөлісу:
Astana Open: Ұлттық құрама көшбасшысы ширек финалға шыға алмады
Еліміздің 1-ракеткасы Александр Бублик ATP 500 санатындағы Astana Open турнирінің ширек финалына жолдама ала алмады. Қазақстандық теннисші польяк Хуберт Гуркачқа жол берді. Есеп: 4:6, 4:6. Матч бір сағат 21 минутқа созылды. Осылайша, Astana Open-де ешқандай қазақстандық қалмады.
Кездесу барысында Александр 10, қарсыласы 7 эйс істеді. Бұдан бөлек, қазақстандық допты ойынға қосу кезінде 6 рет қос қате жасады. Александр Бублик ATP рейтингінде 43-ші, ал Хуберт 54-сатыда келе жатыр. Жалпы бұл екі спортшы арасындағы 4-ойын болды. Бүгін польяк теннисшісі 3 жеңіспен қара үзіп алға шықты. Енді Хуберт Гуркач ширек финалда грек Стефанос Циципаспен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, кеше Александр Бублик пен Бейбіт Жұқаев жұптық сында итальян Фабио Фоньини мен Симоне Болеллиге екі сетте есе жіберіп, бәсекені орта жолдан аяқтаған.
Естеріңізге сала кетейік, Astana Open турнирінің жалпы жүлде қоры 1.9 млн АҚШ доллары.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықДЭВИС КУБОГЫ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ДАНИЯДАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ
АЛЕКСАНДР ШЕВЧЕНКО ҮШІН ОЛИМПИАДА АЯҚТАЛДЫ