18.09.2023 | 01:08
Бөлісу:
Азамат Дәулетбеков Қазақстанға Париж Олимпиадасының жолдамасын сыйлады
Санаулы сәттер бұрын Азамат Дәулетбеков Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама палуаны (86 кг) шешуші белдесуде Бахрейн құрамасының спортшысы Магомед Шариповтан соңғы секундта жеңісті жұлып алды. Осылайша, Азамат Париж Олимпиадасын жолдамасына қол жеткізді.
Есіңізге сала кетейік, Азамат Дәулетбеков тура бір жыл бұрын осы Белград қаласында өткен дүниежүзі чемпионатында қола жүлдеге ие болған.
«Иә, өздеріңіз көргендей, соңғы секундтарда әдіс жасап, жеңіске жеттім. Әрине, Олимпиаданың жолдамасы сарапқа салынған соң қола жүлдені қолдан жібергім келген жоқ. Жекпе-жекте барымды салдым. Жеңіске жеткенім осы ынтамның арқасында деп ойлаймын. Енді осы дайындықпен Азия ойындарына барамыз. Аз уақытта салмақты қалпына келтірген соң Қытайдан да олжалы оралуға тырысамыз»,-деп айтты Азамат белдесуден кейін Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Бұл салмақта америкалық Давид Тейлор алтыннан алқа тақса, күміс ирандық Хасан Яздани күміс, осы салмақтағы екінші қоланы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Сан-Марино спортшысы Майлз Амин қанжығасына байлады.
Айта кетейік, Олимпиаданың жолдамасы жекелеген спортшыға емес, UWW-ға мүше Ұлттық федерацияларға беріледі. Париж төрінде тура Токиодағыдай әр салмақта таңдаулы 16 пауланнан жүлдеге таласады. Барлығы Олимпиада бағдарламасына 18 салмақ кіреді.
Еркін күрестен егемендік алғаннан бері қазақстандық палуандар әлем чемпионатында осымен 17 жүлдеге қол жеткізді. Оның бесеуі күміс, 12-сі қола. Ертең тағы бір отандасымыз Ризабек Айтмұхан кешке (92 кг) финалда бас жүлде үшін таласады.
Суреттердің авторы – Шамкен Байырбек.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықКАМИЛЬ КУРУГЛИЕВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІК ҮШТІКТЕН КӨРІНДІ