
27.03.2025 | 14:08
Бөлісу:
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: 3 СПОРТШЫМЫЗ ШИРЕК ФИНАЛДА ЖЕҢІЛДІ
Гүлдана Бекеш (59 кг) Аммандағы Азия чемпионатының ширек финалында Солтүстік Корея спортшысы Пиол Хоннан ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Осыдан кейін бозкілемге шыққан Ирина Казюлина (68 кг) ширек финалда Қытай өкіліне есе жіберді.
Ал Рио Олимпиадасының (2016 ж) қола жүлдегері Эльмира Сыздықова Амман қаласында өтіп жатқан сары құрлық чемпионатының ширек финалынан аса алмады. Ұлттық құрама спортшысы (76 кг) алғашқы белдесуінде Ми Янг Кимге (Солтүстік Корея) жол берді. Есеп: 0-12.
Егер біздің спортшыларды жеңген палуандар ақтық сынға жолдама алса, Ұлттық құрама өкілдері жұбаныш белдесуіне қатысады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

