08.12.2024 | 20:13
Бөлісу:
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: ТАҒЫ 5 БОКСШЫМЫЗ ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ
Бүгін Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финалдар аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құраманың 9 спортшысы алдағы күндері бәсекенің алтын медалі үшін таласады. Бұл қатарда әлем чемпионы, 86 кг дейінгі салмақта өнер көрсететін Бекзад Нұрдәулетов бар. Ол Украина өкілі Данило Жасанмен күш сынасты. Алғашқы раундта украин спортшысы алға шыққанымен, Бекзад тез арада басымдықты қолға алып, жеңісті жұлып алды.
Сонымен қатар 92 кг дейінгі салмақта өнер көрсететін Сағындық Тоғамбай Қытай өкілі Таймиао Люге ешқандай мүмкіндік қалдырмай, 2-раундта айқын басымдықпен ұтып, финалға жолдама алды.
Диас Молжігітов Украина спортшысы Павла Илюшамен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен басым түсті. Жеңіс үшін аянып қалмаған жекпе-жекте отандасымыздың соққылары көп тиіп, өз еншісіне жеңісті жазды.
Осыдан кейін тәжірибелі боксшымыз Абылайхан Жүсіпов Тәжікстан өкілі Шохобжон Шукуровпен кездесті. Өте сенімді қимылдаған Абылайхан барлық раундта сауатты қорғанып, шабуылдай білді. Есеп: 5-0.
Сондай-ақ +92 кг Ұлттық құрамамыздың капитаны Айбек Оралбай бар. Ол Өзбекстанның талантты боксшысы Жахонгир Зокировты ұтты. Есеп: 5-0.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖАРҚЫН ЖЕҢІС! САҒЫНДЫҚ ТОҒАМБАЙ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
БӘРЕКЕЛДІ! БЕКЗАТ НҰРДӘУЛЕТОВ ҚОРЖЫНҒА 2-АЛТЫНДЫ САЛДЫ
АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАҒЫ КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
ДУЛАТ БЕКБАУОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 2-РЕТ КҮМІС ЖҮЛДЕ АЛДЫ