23.02.2023 | 19:54
Бөлісу:
Баскетболдан Ұлттық құрама Қытайдан жеңіліп қалды
Бүгін Гонконгтағы «Цуэн Ван Стадиумда» биылғы Әлем Кубогына іріктеу кезеңінде баскетболдан Ұлттық құрама қарымта ойында алаң иелеріне 59-71 есебімен есе жіберді. Былтыр тамыз айында Астанада өткен іріктеудегі кездесуде де қытайлық баскетболшылар басым түскен. Есеп: 56-68.
Бүгін Қазақстан құрамасы сапында ең көп ұпай жинаған ойыншы – Вадим Щербак (17 ұпай). Матчтың шолуын мына жерден көре аласыздар.
Биылғы Әлем Кубогы 25 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Жапония, Филиппин мен Индонезияда қатар өтеді. Біздің баскетболшылар Азиядағы іріктеудің алғашқы кезеңінде Иран, Сирия және Бахрейнмен бірге D тобына түскен. Мұнда 6 матчтың бесеуінде жеңіске жетіп, топтан 1-орынмен шықты.
2021 жылғы 26 қараша. Қазақстан-Сирия (84-74)
2021 жылғы 29 қараша. Сирия-Қазақстан (71-81)
2022 жылғы 24 ақпан. Иран-Казахстан (69-73)
2022 жылғы 27 ақпан. Бахрейн-Қазақстан (48-95)
2022 жылғы 1 шілде. Қазақстан-Иран (68-60)
2022 жылғы 4 шілде. Қазақстан-Бахрейн (51-62).
Ал квалификацияның 2-кезеңінде Қазақстан F тобында Аустралия, Қытай және Жапониямен шеберлік байқасып жатыр.
2022 жылғы 25 тамыз. Қазақстан-Қытай (56-68)
2022 жылғы 30 тамыз. Жапония-Қазақстан (73-48)
2022 жылғы 11 қараша. Қазақстан-Аустралия (50-97)
2022 жылғы 14 қараша. Қазақстан-Жапония (61-81)
Енді бұл кезеңдегі соңғы матч 26 ақпанда Аустралияда алаң иелеріне қарсы өтеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: