
08.05.2025 | 17:57
Бөлісу:
БАЙДАРКА МЕН КАНОЭДЕ ЕСКЕК ЕСУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: ҚАЗАҚСТАН ЕНШІСІНДЕ 6 ФИНАЛ БАР
Қытайдың Наньчан қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатының іріктеуі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін 6 қашықтықта спортшылар финал жолдамасын сарапқа салды. Қазақстан командасының спортшылары бүгінгі барлық сайыста тұрақты нәтиженің арқасында ақтық сынға шықты. Бұл қатарда 9 дүркін Азия чемпионы Сергей Емельянов, әлем чемпионатының қола жүлдегері Мария Бровкова және Париж Олимпиадасында сынға түскен отандастарымыз бар.
Финалистер тізімі мынадай:
1. Мария Бровкова (500 метр, каноэ)
2. Сергей Емельянов пен Полат Төребеков (500 метр, каноэ)
3. Қазақстан құрамасы(4×микст, 500 метр байдарка). Команда сапы: Ольга Шмелёва, Татьяна Токарницкая, Жахонгир Жамедов, Кирилл Тубаев:
4. Нұржан Муфтукулұлы мен Диас Ержанов (1000 метр, каноэ)
5. Ульяна Кисилёва мен Маргарита Торлопова (1000 метр, каноэ)
6. Ольга Шмелёва мен Ирина Подойникова (500 метр, байдарка)
Айта кетейік, осы жарыстардың жүлдегерлері ертең анықталады. Сондай-ақ ертең спортшылар мына қашықтықта іріктеуде сынға түседі:
Байдарка және каноэде 500 метр (микст)
Ерлер каноэде 500 метр (жекелей сын)
Әйелдер каноэде 500 метр (жұптық)
Әйелдер байдаркада 500 метр (жекелей)
Ерлер байдарка 500 метр (жұптық)
Барлығы биылғы құрлық чемпионатына 20 елден 340 спортшы қатысып жатыр.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: НАНЬЧАНДА АЛТЫН МЕДАЛЬ САНЫ ТӨРТЕУГЕ ЖЕТТІ

СЕРГЕЙ ЕМЕЛЬЯНОВ 10 ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ