
26.05.2025 | 13:46
Бөлісу:
БИБІСАРА АСАУБАЕВА SHARJAH MASTERS ТУРНИРІНДЕ ЖАҢА ЖЕТІСТІККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Бүгін БАӘ-де шахматтан өткен Sharjah Masters 2025 супертурнирінде отандасымыз Бибісара Асаубаева өзінің үшінші гроссмейстер нормасын орындап, алғаш рет 2500 рейтинг межесінен асты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бибісара 64 гроссмейстер қатысқан турнирде әйелдер арасында ең үздік нәтиже көрсетті (28-орын). Ол әйелдер арасында 2024-25 жылғы маусымдағы Гран-при жеңімпазы Чжу Цзиньир (2541) мен Олимпиада чемпионы Дивья Дешмухты (2469) артта қалдырды.
Енді тек FIDE кеңесінің алдағы отырысында ресми бекіту қалды. Содан соң Бибісара қазақ әйелдері арасынан екінші гроссмейстер (GM) атанады. Бұл межені бағындырған тұңғыш шахматшы — Жансая Әбдумәлік.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық


АЛУА НҰРМАН — БЛИЦ ШАХМАТТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

АЛДИЯР АҢСАТ – ШАХМАТТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ