05.07.2024 | 18:58

БОКСШЫЛАР ҚОРЖЫНҒА 2 КҮМІС МЕДАЛЬ САЛДЫ

Якутск қаласында өтіп жатқан VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында бокстан финалдар аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін Темірхан Жолмахан (52 кг) мен Нұрасыл Қарымбек (70 кг) қарсыласына жол беріп, күміс жүлдегер атанды. Алғашқысы Саха Республикасының, кейінгісі Өзбекстан спортшысынан жеңілді.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес