25.07.2024 | 19:34
Бөлісу:
ДӘУЛЕТКЕЛДІ ЖАҢБЫРБАЙ ОЛИМПИАДА ІРІКТЕУІНДЕ КОМАНДА САПЫНДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ
Бүгін Париж Олимпиадасында садақ атудан жекелей сынның іріктеуі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Біздің командадан жақсы нәтижені Дәулеткелді Жаңбырбай көрсетті. Ол 668 ұпаймен 22-сатыдан көрінді. Ал Ильфат Абдуллин 663 ұпай жинап, 29-орынға тұрақтады. Александр Еременко болса 59-орында. Оның еншісінде 640 ұпай бар.
Айта кетейік, енді осы рейтингтік кезең нәтижесіне қарай кейінгі жарыс жолы құрылады. Яғни, 64 ер мерген бүгін алған орнына қарай бір-бірімен сынасады. Мысалы, 1-орын алған атлет плей-офф сатысында 64-сатыдағы спортшыға қарсылас болды. Ал плей-офф 30 шілде мен 1 тамыз аралығына жоспарланған. Ал командалық сайыс 29 шілдеден бастау алады.
Садақ атудан ерлер арасында Олимпиада рекордын Рио-де-Жанейрода Вуджин Ким (Оңтүстік Корея) тіркеген (700 ұпай). Ал әлем рекорды америкалық Брэди Эллисонға тиесілі (702 ұпай, Лима қаласы, 2019 жылғы 7 тамыз).
Ертең, 26 шілдеде кешке Париж Олимпиадасының ресми ашылуы өтеді. Мемлекеттік Туды боксшы Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова (жеңіл атлетика) ұстайды. Айта кетейік, Париждегі жазғы Олимпиадада Қазақстан құрамасының 80 атлеті 25 спорт түрінен сынға түседі. XXXIII ойындар 11 тамызда мәресіне жетеді.
Суреттер: Владислав Семенов.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАЛЕКСАНДР ЕРЕМЕНКО КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ШЫҒА АЛМАДЫ
ДӘУЛЕТКЕЛДІ ЖАҢБЫРБАЙ ҮШІН ОЛИМПИАДА АЯҚТАДЫ