
17.05.2025 | 18:10
Бөлісу:
ДИЯС ТОЙШЫБЕК – СЛОВЕНИЯДАҒЫ CHALLENGE CUP КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңінде Қазақстан қоржынына 2 медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Тұтқалы ат снарядындағы жаттығуда Дияс Тойшыбек алтыннан алқа тақса, тағы бір отандасымыз Зейнолла Ыдырысов күміс жүлдеге ие болды. Дияс финалда 14.033 ұпай жинаса, Зейнолланың еншісінде 13.866 балл бар.
Үздік үштікті Албания өкілі Матвей Петров түйіндеді (13.200).
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

