15.02.2026 | 19:23
Бөлісу:
ТАУ ШАҢҒЫСЫ: АЛЕКСАНДРА СКОРОХОДОВА ҚАТЫСҚАН САЙЫСТА ҚОЛА ЖҮЛДЕ БЕРІЛМЕДІ
Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан алып слалом бағдарламасы шиеленіске толы болды. Бұл ерекше жарыста Александра Скороходова да жүлдеге таласты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Сайыс барысында екі бірдей спортшының уақыты тең болып қалуына байланысты қос күміс медаль табысталды. Ал қола жүлде ешкімге берілмеді.
Жүлдегерлер:
1-орын. Федерика Бриньоне (Италия) – 2:13.50
2-орын. Сара Хектор (Швеция) – 2:14.12
2-орын. Теа Луиза Стьернесунн (Норвегия) – 2:14.12
Ал Қазақстан атынан Александра Скороходова 2:23.31 уақыт көрсеткішімен 37-орынға тұрақтады. Сайысқа 76 спортшы тіркелсе де, түрлі себеппен 20 спортшы мәреге жетпеді.
Фото: ҚР ҰОК.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық