05.07.2024 | 14:09

ЭДУАРД КИМ МЕН НАРГИЗА БОЛАТОВА КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ

Мажарстан астанасы Будапешт қаласында көркем жүзуден Әлем Кубогының суперфиналы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстандық жұп Эдуард Ким мен Наргиза Болатова аралас техникалық бағдарламада 139.7150 ұпай жинап, екінші орыннан көрінді. Испания өкілдері (146.1200) чемпион атанса, қола италиялық споршыларға (131.9200) бұйырды.

Тағы бір отандық дуэт Артур Майданов, Валерия Столбунова жұбы 6-сатыға жайғасты. Олардың еншісінде 118.2300 ұпай бар.

7 шілдеге дейін жалғасатын додаға 22 елден 121 атлет бақ сынап жатыр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес