18.04.2025 | 11:03

ЕЛИЗАВЕТА БЕЗРУКОВА ЛИМАДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА 6-ОРЫН АЛДЫ

Перу астанасы Лимада нысана көздеу мен стенд атудан әлем кубогының 2-кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Безрукова 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуде ақтық сынға шығып, нәтижесінде таңдаулы 8 мергеннің арасында 6-сатыға тұрақтады (416.1 балл). Осыған дейін іріктеу кезеңінде отандасымыз 590 балл алып, финалға 2-орынмен шыққан.

Мұнда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы америкалық Саген Маддалена жеңімпаз атанды. Күміс 5 дүркін әлем чемпионы Жанетт Хегг Дуэстадтың (Норвегия) еншісінде кетті.

СОФИЯ ШУЛЬЖЕНКО ЖЕКЕ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

Іріктеу кезінде тағы бір отандасымыз София Шульженко ересектер арасында лайықты нәтиже көрсетті. Ол 587 ұпаймен 11-сатыға жайғасты. Шульженконың үздік сегіздікке кіріп, финалға жолдама алуына 1 балл жетпей қалды. Сондай-ақ алдыңғы Буэнос-Айрестегі кезеңде қола жүлдеге ие болған Арина Алтухова 15-орында (586 ұпай).

Бұл жаттығуда Лимада барлығы әйелдер арасында 40 мерген сынға түсті.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес