28.03.2025 | 14:04

ЕВГЕНИЙ КОШКИН СПАРТАКИАДАДА 100 МЕТРДЕ ӘЛЕМ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

Конькимен жүгіруден Астана қаласында өтіп жатқан VI қысқы Спартакиадада Евгений Кошкин әлемдегі ең мықты спринтер екендігін дәлелдеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз 100 метр қашықтықты 9.31 секундта жүгіріп өтіп, бейресми әлем рекордын жаңартты. Бұған дейін бұл рекорд Қытай спортшысы Гао Тинюйға тиесілі (9.32 секунд) болған.

Айта кетейік 100 метр – Олимпиада және әлем чемпионатының бағдарламасына кірмейді. Бірақ дәл осындай жылдамдықпен Евгений Кошкин көпшіліктің назарын өзіне аударып жүр.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес