13.09.2024 | 20:31

ҒАЛИЯ ТЫНБАЕВА 2-РЕТ ГРАН-ПРИ ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Ғалия Тынбаева (48 кг) Хорватия астанасы Загребте басталған Гран-при бәсекесінің күміс жүлдегері атанды,, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол финалда Азия чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Кого Ваканаға (Жапония) есе жіберді.

Бүгін іріктеуде отандасымыз Италия, Франция өкілін және жартылай финалда Ребека Рита Косжегиді (Мажарстан) ұтты.

Айта кетейік, бұл Ғалияның Гран-при турнирлеріндегі 2-күміс жүлдесі. Былтыр ол Португалиядағы турнирдің финалында Әбиба Абужақыновамен күш сынасып, 2-орын алған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес