
27.04.2025 | 18:06
Бөлісу:
ГИМНАСТАР ТАШКЕНТТЕ ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Шешуші жарыс күні Қазақстан командасы топтық сында 5 лента жаттығуында үздік үштікті түйіндеді. Команда сапында Жасмин Юнусбаева, Айзере Кенгес, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай мен Айзере Нұрмағамбетова өнер көрсетті.
Финал нәтижесі:
1. Қытай – 24.55 балл
2. Польша – 23.00
3. Қазақстан – 22.20
Жекелей сында Айбота Ертайқызы шығыршық жаттығуының финалында 4-сатыға жайғасты.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық


АЙБОТА ЕРТАЙҚЫЗЫ ИСПАНИЯДАҒЫ ТУРНИРДЕ СЫНҒА ТҮСТІ