14.02.2026 | 19:27

МИЛАН-2026: ТАУ ШАҢҒЫСЫНАН РОСТИСЛАВ ХОХЛОВ ҚАТЫСҚАН САЙЫСТА ТАРИХИ ЖАЙТ ТІРКЕЛДІ

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан супер гигант бағдарламасында Бразилия өз тарихындаүы алғашқы медалін жеңіп алды. Ал Қазақстан атынан Ростислав Хохлов мәреге 51-орынмен жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

2023 жылы Норвегия сапынан Бразилияға ауысқан Лукас Пиньейро Бротен өз еліне алғашқы және алтын медаль сыйлады.

Жүлдегерлер:

1-орын. Лукас Пиньейро Бротен (Бразилия) – 2:25.00

2-орын. Марко Одерматт (Швейцария) – 2:25.58

3-орын. Лоик Мейар (Швейцария) – 2:26.17

51-орын. Ростислав Хохлов – 2:47.36

Жарыс барысында 12 спортшы мәреге жетпеді. Айта кетейік, Милан-2026 Олимпиадасында дебют жасаған Бенин, Гвинея-Бисау, Біріккен Араб Әмірлігінің өкілдері де дәл осы тау шаңғысына қатысқан.

Фото: ҚР ҰОК.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес