16.06.2023 | 20:17

Ғұсман Қырғызбаев - Qazaqstan Barysy Grand Slam бəсекесінің күміс жүлдегері

Бүгін Qazaqstan Barysy Grand Slam бəсекесінің финалына шыққан екінші отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев финалда испаниялық дзюдошыдан жеңіліп қалды.

Осылайша, Ұлттық құрама бәсекенің алғашқы күнін 1 алтын, 1 күміс жүлдемен аяқтады. Әйелдер арасында 48 келіде күрескен Ғалия Тынбаева Кристина Дудинаға (INA) есе жіберіп, Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында бесінші орынға алды. Алғашқы кездесуінде бельгиялық Луиз Петитті жеңген Ғалия ширек финалдың жолдамасы үшін өзбекстандық Халимджон Курбоноваға есе жіберді. Сосын, жұбаныш белдесуінде португалиялық Коста Катаринаны жеңіп, қазақстандық спортшы үшінші орын үшін күресуге мүмкіндік алды.

Айта кетейік, алғашқы күні татамиге 48, 52, 57 келіге дейінгі салмақта әйелдер және 60 келі, 66 келіге дейінгі салмақта ерлер бақ сынады. Бұл жарысқа барлығы 42 елдің 334 спортшысы жиналды.

Дода Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде 16-18 маусым аралығында өтеді. Жарысты тікелей эфирде Qazsport және Judotv.com онлайн-платформалары көрсетеді. Бұл доданың нәтижесінде IJF ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлерге əлем және Олимпиада рейтингінде ұпай қосылады. Атап айтсақ, 1-орын үшін 1000, 2-орын үшін – 700, ал 3-орын үшін – 500 ұпай.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес