28.07.2024 | 22:32

ҒҰСМАН ҚЫРҒЫЗБАЕВ «ІШТЕЙ ФИНАЛҒА ШЫҒАТЫНЫМА СЕНДІМ»

Дзюдодан Ұлттық құрама қоржынына 2-жүлдені салған Ғұсман Қырғызбаев марапаттау рәсімінен кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

«Көңіл-күйім тамаша. Барша қазақ елін құттықтаймын. Негізі дайындығым өте жақсы болды. Іштей финалға шығатыныма 100% сендім. Сәл бұйырмады. Қолаға қанағат етемін. Қазақстандықтар, бұл бәріміздің жеңісіміз. Отбасыма жалынды сәлем»,-деді Ғұсман.

Сонымен қатар ол БАҚ өкілдеріне трибунада өзіне қолдау көрсеткен Елдос Сметовті атап өтті.

«Иә, оның қолдауы сезілді. Ол дзюдоның Қазақстандағы атасы десем де болады (күлді). Трибунадан іздеп тұрдым. Ағайымның, Елдостың айтқаны естіліп жатты»,-деп айтты 66 кг дейінгі салмақтағы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.

Айта кетейік, қазір Қазақстан делегациясы жалпы есепте 7-орынға тұрақтады. Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынындағы жүлде саны үшеуге жетті.

Алтын – Елдос Сметов (60 кг) дзюдо

Қола – Қазақстан құрамасы (Ислам Сатпаев, Александра Ле) нысана көздеу

Қола – Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) дзюдо

Суреттер: Тұрар Қазанғапов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес