20.04.2025 | 23:12

КАРАТЭ: МӨЛДІР ЖАҢБЫРБАЙ МЕН ӘСЕЛ ҚАНАЙ ҚАЗАҚСТАНДЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ 3-ОРЫНҒА ШЫҒАРДЫ

Бүгін Мысыр астанасы Каирде жылдың үшінші Премьер-лига бәсекесі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл жолы қоржынға 1 алтын, 1 күміс медаль түсті. Мөлдір Жаңбырбай 50 кг дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірген жоқ. Ал Әсел Қанай (-61 кг) ақтық сында Украина спортшысынан жеңіліп қалды.

Сондай-ақ осы кеште Айжан Бәкірова (-61 кг), Софья Берульцева (+68 кг) мен Диас Анарбеков (+84 кг) қола медаль үшін айқасты. Алайда спортшыларымыз соңғы сәтте жүлдеге бір табан жетпей тоқтады.

Жалпыкомандалық есеп мынадай:

1. Мысыр (4 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль

2. Жапония (2 алтын, 1 күміс, 6 қола)

3. Қазақстан (1 алтын, 1 күміс)

4. Марокко (1 алтын, 1 күміс)

5. Украина (1 алтын, 1 күміс)

Енді жылдың шешуші Премьер-лига бәсекесі мамырдың аяғында Марокконың Рабат қаласында өтеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес