
06.03.2025 | 09:16
Бөлісу:
КАРАТЭНІ АУЫЛ БАЛАЛАРЫНА ҚОЛЖЕТІМДІ ЕТУ ҮШІН ҚАНДАЙ ЖҰМЫС ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ?
Қызылорда қаласында Қазақстан каратэ федерациясының бас хатшысы Асқар Молдағали мен Halyk қайырымдылық қорының атқарушы директоры және Auyl Sport жобасының жетекшісі Ғалымбек Жақсылықов ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі.
Юниорлар мен жастар арасында өткен Қазақстан чемпионаты кезіндегі бұл келісім елімізде каратэ спортының дамуына тағы тың серпін бермек.
Halyk қайырымдылық қоры 2024 жылдан бері тікелей жүзеге асырып келе жатқан Auyl Sport жобасы ауылда спортты жандандыруға бағытталған. Сонымен қатар сондағы жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыруға ден қояды. Былтыр бірнеше спорттан өңір мен республика деңгейінде өткен лигалар мыңнан астам баланы қамтып, жақсы нәтиже көрсеткен.
Каратэ – Auyl Sport жобасы қамтитын 6 спорт түрінің бірі (бокс, каратэ, күрес, шахмат, волейбол, баскетбол).
Фото: Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: