11.02.2025 | 09:34

КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУ: ЕРЛЕР 1000 МЕТРГЕ ЖАРЫСТА ЖҮЛДЕСІЗ ҚАЛДЫ

Харбин қаласында қысқы Азия ойындарында конькимен 1000 метрге жүгіруден ерлер арасындағы жарыс аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Өкінішке қарай, бұл сында Ұлттық құрама спортшылары жүлдеге қол жеткізе алмады.

Алтай Жәрдембекұлы 9-орын (1:10.9 секунд)

Роман Биназаров 11-орын (1:11.58)

Артур Галиев 14-орын (1:11.78)

Никита Важенин 16-орын (1:15.00)

Айта кетейік, жарыс жолына барлығы 23 спортшы шықты.

Фото: Сали Сабиров.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес