21.10.2024 | 16:26

КРИСТИНА ШУМЕКОВА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы Германияның Инцель қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Дайындық аясында (9-28 қазан аралығында) команда Әлем кубогы кезеңдеріне жолдама алу үшін 16 елдің спортшылары қатысқан ISU-дың халықаралық жарысында сынға түсті.

Кристина Шумекова 3000 метрді 4:15.48 уақытта жүгіріп өтіп, жасөспірімдер арасындағы Қазақстанның ұлттық рекордын жаңартты.

Сонымен қатар спортшыларымыз өз үздік көрсеткіштерін де жақсарта алды: қыздар 11 жеке рекорд орнатса, ерлер 500, 1000, 1500, 3000 және 5000 метр қашықтықтарында 22 үздік нәтиже тіркеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес