
15.05.2025 | 22:21
Бөлісу:
КСЕНИЯ БАЛАБАЕВА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА КЛАССИКАЛЫҚ ШАХМАТТАН ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Бүгін БАӘ-нің Әл-Айн қаласында классикалық шахматтан жекелей сындағы Азия чемпионатында Ксения Балабаева қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама спортшысы әйелдер арасындағы сында 9 партиядан соң 7 ұпай жинады. Балабаева шешуші турда моңғолиялық гроссмейстер Батхуягийн Монгонтуулды жеңіп, үздік үштікті түйіндеді.
Чемпионат басталарда қазақ шахматшылар фаворит ТОП-10 ойыншы қатарына кірмеген еді. Сол себепті, бұл біз үшін ерекше жүлде. Айта кетейік, Азия чемпионаты әйелдер мен ерлер арасындағы әлем кубогына іріктеу кезеңі саналады.
Еске сала кетейік, осыған дейін блиц туринрде Алуа Нұрман Азия чемпионы атанып, 3+2 форматында алтын жүлде жеңіп алған.
Фото: Қазақстан шахмат федерациясы.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық


АЛУА НҰРМАН — БЛИЦ ШАХМАТТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

АЛДИЯР АҢСАТ – ШАХМАТТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ