
09.05.2025 | 17:39
Бөлісу:
МАҒЖАН ШАМШАДИН QAZAQSTAN BARYSY GRAND SLAM 2025 ТУРНИРІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Дзюдодан Ұлттық құрама спортшысы (-60 кг) Мағжан Шамшадин Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол жүлде үшін өткен белдесуде француз спортшысы Джин Энсоны сенімді жықты. Шамшадин осыған дейін жартылай финалға дейін жетіп, IJF өкілі Изнаур Сааевқа жол берген. Енді финалда дәл осы Сааевпен отандасымыз Талғат Орынбасар күш сынасады.
Еске сала кетейік, 2023 жылы дәл осы Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында Мағжан Шамшадин чемпион атанған.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

АБЫЛАЙХАН ЖҰБАНАЗАР QAZAQSTAN BARYSY БӘСЕКЕСІНДЕ ЖҮЛДЕ АЛДЫ

ЕСЕТ ҚУАНОВ QAZAQSTAN BARYSY GRAND SLAM ТУРНИРІНДЕ ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

ТАЛҒАТ ОРЫНБАСАР – GRAND SLAM ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ