17.06.2025 | 16:58

МАКСИМ МЕЙІРЛАН ЖАРАҚАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БЕЛДЕСУДІ ЖАЛҒАСТЫРА АЛМАДЫ

Будапеште өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының бесінші күні қазақстандық дзюдошылар үшін сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Өкінішке қарай, бүгін татамиге шыққан Мейірлан Максим (90 кг) 2024 жылғы әлем чемпионы, жапондық Гоки Тадзимаға қарсы белдесу кезінде белсенді күрес көрсетіп, екі «шидомен» жеңіп жатқан сәтте жарақат алып, кездесуді жалғастыра алмады.

Айта кетейік, ертең жарыстың алтыншы күнінде 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрлыхан Шархан мен Марат Байқамұров татамиге шығады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес