11.02.2025 | 16:18

МИХАИЛ ШАЙДОРОВ АЛҒАШҚЫ ЖАТТЫҒУДАН КЕЙІН 4-ОРЫНДА

Бүгін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы қысқа бағдарлама өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада 76.75 балл жинап, 4-сатыға табан тіреді. Ал Диас Жиренбаев 65.56 ұпай алды. Ол 8-орында.

Әзірге жапон Юма Кагияма көш басында. Одан кейін Оңтүстік Корея өкілі Ча Жин Хван мен қытайлық Дайвэй Дай тұр.

Енді 13 ақпанда ерлер еркін бағдарламада сынға түсіп, жүлдегерлерді анықтайды.

Фото: Сали Сабиров.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес