08.06.2025 | 22:57

МИЛАД КАРИМИ ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 6-САТЫДАН КӨРІНДІ

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында керме жаттығуының финалы мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері Милад Карими бұл сында 13.366 балл жинап, 6-сатыға тұрақтады. Ол жаттығу ортасындағы айналым кезінде кермеге қолы жетпей, құлап қалды. 

Керме, финал нәтижесі: 
1. Тан Цзяхун 15.233 балл (Қытайдың Тайпейі) - Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы.
2. Томохару Цуногай 15.000 балл (Жапония)
3. Тиан Хао 14.700 балл (Қытай) 
4. Шумпей Фуджимаки 14.466 балл (Жапония)

Еске сала кетейік, Милад Карими былтыр Ташкент қаласында осы жаттығуда құрлық үздігі атанған.

Карими Оңтүстік Кореядағы бәсекеге 3 жүлдеге қол жеткізді. Еншісінде командалық көпсайыстағы қола мен еркін жаттығудағы күміс бар.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес