13.04.2025 | 21:52

МИЛАД КАРИМИ ОСИЕКТЕГІ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Спорттық гимнастикадан Осиек қаласында (Хорватия) өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңінде Милад Карими жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Керме жаттығуының финалында Милад 14.666 ұпай жинады. Екінші орынды Қытай спортшысы Чэньи Се (14.300) иеленсе, үздік үштікті тағы бір қытайлық гимнаст Хунгянь Ли (14.300) түйіндеді.

Отандасымыз кеше еркін сайыста қола жүлде алған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес