04.08.2024 | 16:24

НҰРБЕК ОРАЛБАЙ ОЛИМПИАДА АЛТЫНЫ ҮШІН ЖҰДЫРЫҚТАСАДЫ

Боксшымыз Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында Кристиан Хавьер Пиналесті (Доминикан) жеңді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Төрешілер есебі: 3-2.

Нұрбек осыған дейін Париж шаршы алаңындарында Мурад Аллахвердиевтен (ширек финал, Әзірбайжан), Каллум Питерстен (1/8 кезең, Аустралия) басым түскен.

Финалдағы қарсыласы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Олександр Хижняк (Украина) немесе 2 дүркін Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, Панамерика ойындарының 2 дүркін жеңімпазы Арлен Лопес Кардона (Куба) болады.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай – былтыр Ташкентте әлем чемпионы атанған, Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Суреттер: Сали Сабиров.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес