08.08.2024 | 02:20

НҰРБЕК ОРАЛБАЙ – ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Боксымыз Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының финалында Александр Хижнякқа (Украина) есе жіберіп, күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Шиеленісті өткен жекпе-жектің есебі: 2-3.

Енді Нұрбек Оралбайдың еншісінде жастар және ересектер арасындағы әлем чемпионатының алтынымен қатар Олимпиаданың күмісі жүлдесі бар.

Қазір Қазақстан делегациясында Париждегі доданың 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль болды.

Фото: Владислав Семенов.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес