
14.05.2025 | 16:28
Бөлісу:
ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АЛЕКСАНДРА ЛЕ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА ЕЛИЗАВЕТА БЕЗРУКОВАҒА ЕСЕ ЖІБЕРДІ
Бүгін Алматы облысында өтіп жатқан нысана көздеуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында тағы 2 бағдарламада жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Пневматикалық винтовка 10 м (әйелдер):
1. Елизавета Безрукова – 251.6 ұпай (Шымкент қаласы)
2. Александра Ле – 250.6 ұпай (Алматы қаласы)
3. Арина Алтухова – 227.9 ұпай (Алматы қаласы)
Тапаншамен 25 метрден оқ ату (әйелдер):
1. Малика Cейіл – 20 ұпай, қосымша көрсеткіш бойынша жеңді (Шымкент қаласы)
2. Сәуле Әлімбек – 20 ұпай (Шымкент қаласы)
3. Ольга Аксенова – 16 ұпай (Қарағанды облысы)
Қазір жалпы есепте Шымкент қаласы 2 алтынмен Алматы қаласын 2-сатыға ығыстырды. Айта кетейік, чемпионатқа 8 өңірден 170-ке тарта мерген қатысып жатыр. Осы жарыс нәтижесінде тамызда Шымкент қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысатын Ұлттық құрама жасақталады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

ИСЛАМ СӘТПАЕВ КЕЗЕКТІ РЕТ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ


ЕЛИЗАВЕТА БЕЗРУКОВА ЛИМАДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА 6-ОРЫН АЛДЫ