17.04.2025 | 17:59

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ КУБОГЫН ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН

2009-2010 жылы дүниеге келген спорт мектеп-интернат-колледж шәкірттерінің арасындағы төртінші ҚР Туризм және спорт министрлігінің кубогын Қарағанды қаласы өткізеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Биыл бокс, дзюдо, таеквондо, грек-рим күресі, еркін күресі жарыстары бойынша жеңімпаздар анықталады.

Бүгін барлық қатысушылардың арасында ресми жеребе тарту рәсімі өтті. Өкінішке қарай, белгісіз себептермен Шығыс Қазақстан облысы жарысқа келмеді.

*ОРРММИК - олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі.

A тобы:

1.Қарағанды обл. Ә. Молдағұлова ат. ОРОММИК

2.Қ. Ахметов ат. ОРОММИК

3.СҚО ОРММИК

4.Қ. Мұңайтпасов ат. ОРРММИК

B тобы:

5. Талдықорған қ. Ж. Үшкемпіров ат. ОРОММИК

6. Қызылорда обл. Ж. Бахадур ат. ОРОММИК

7. Павлодар обл. СДБММИ

8. Алматы қ. Шаңырақ ш.а. ОРРММИК

C тобы:

9. Ақмола обл. Бөгенбай батыр ат. ОМОРМК

10. Алакөл ауд. Лепсі а. СДБОММИ

11. БҚО ОРММИК

12. Атырау обл. ОРММИК

D тобы:

13. РСК

14. Алматы қ. СДБАММИК

15. Ақтөбе обл. Есет батыр ат. ОРММИК

16. Түркістан обл. Б. Саттарханов ат. ОРММИК

17. Жамбыл обл. ОРММИК

Ертең бокстан бәсеке басталады. Ал қалған спорт түрінен сайыстар кейінірек өтеді.

Бұған дейінгі чемпиондар:

2022 жыл – Қ.Мұңайтпасұлы атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі

2023 жыл – Қ.Мұңайтпасұлы атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі

2024 жыл – Алматы қ. Шаңырақ ш.а. олимпиада резервінің мектеп-интернат-колледжі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес