14.06.2024 | 21:49
Бөлісу:
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗЫБЕК НӨГЕРБЕКТІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан жастар арасындағы әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекті құттықтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Гандинагар қаласында өткен халықаралық жарыста әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке құттықтау жеделхатын жолдады.
– Ел намысын қорғап, үздік шахматшы ретінде гроссмейстер дәрежесін иеленіп, жеңімпаз атану – зор жетістік. Ұлтымыздың абыройын асқақтататын өзің сияқты алғыр да ақылды ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантады. Алдағы уақытта да жарқын жеңістерге және арман-мақсаттарыңа жете беруіңе тілектеспін, – делінген жеделхатта.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
PAVLODAR OPEN: ТУРНИРДЕ 200-ДЕН АСТАМ ШАХМАТШЫ БАҚ СЫНАЙДЫ
БИБІСАРА АСАУБАЕВА 2 ОЛИМПИАДАДА ЕРЕКШЕ НӘТИЖЕ ТІРКЕДІ