25.06.2026 | 15:48
Бөлісу:
ҚАЗАҚ ГИМНАСТАРЫ ЦЗУНЬИДЕ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ЖАРЫС ЖОЛЫН БАСТАДЫ
Қытайдың Цзуньи қаласында әйелдер арасындағы спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ересектер арасындағы додада Қазақстан құрамасының сапында Дарья Ясинская, Эвелина Ежова, Амели Нукушева, Амина Халимарден және Радмила Тарасова өнер көрсетуде.
Ал жасөспірімдер санатында ел намысын Ева Тациева, Илана Раздыкова, Ульяна Пухова, Екатерина Лебедь және Саида Қасымжанова қорғайды.
Бүгін чемпионаттың іріктеу кезеңі басталды. Оның қорытындысы бойынша финалдық сындарға жолдама алған спортшылар Азия чемпионатының медальдары үшін бақ сынайды.
Құрлық біріншілігі 25-28 маусым аралығында өтеді. Бұл жарыс 2026 жылы Жапонияның Нагоя қаласында ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі саналады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық