10.04.2026 | 14:29
Бөлісу:
ҚАЗАҚСТАН БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ 1-ОРЫН АЛДЫ
Бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда ересектер арасында бокстан Азия чемпионатының финалдары аяқталды. Санаулы сəттер бұрын Қазақстан командасы қоржынына 6-шы алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ерлер мен әйелдер арасындағы нәтижені қосқанда қазақ былғары қолғап шеберлері жалпыкомандалық есепте топ жарды. Қоржында барлығы 13 медаль- 6 алтын, 2 күміс, 5 қола бар.
Чемпиондар – Надежда Рябец (-80 кг), Дина Исламбекова (+80 кг), Оразбек Асылқұлов (-60 кг), Сабыржан Аққалықов (-75 кг), Нұрбек Оралбай (-85 кг), Айбек Оралбай (+90 кг);

Күміс жүлдегерлер – Бақыт Сейдіш (-70 кг), Төрехан Сабырхан (-70 кг);
Қола жүлдегерлер – Айгерім Сәттібаева (-48 кг), Валентина Хальзова (-75 кг), Махмұд Сабырхан (-55 кг), Ертуған Зейнуллинов (-65 кг), Сағындық Тоғамбай (-90 кг);

Жалпыкомандалық есепте 2-орын Үндістан боксшыларында (5 алтын, 3 күміс, 8 қола) Үздік үштікті Өзбекстан командасы түйіндеді (3 алтын, 4 күміс, 4 қола). Биыл барлығы 14 мемлекеттің боксшысы жүлде алды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ - ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
ВИКТОРИЯ ГРАФЕЕВА БОКСТАН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ТОП ЖАРДЫ
НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ – ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
САНЖАР ТӘШКЕНБАЙ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ӨТТІ