09.11.2022 | invalid
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы Ұлыбританияны сенімді жеңіп, топта 1-орынға шықты
Бүгін Шотландияның Глазго қаласында басталған Билли Джин Кинг Кубогының ақтық кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияны жеңіп, С тобында 1-орынға шықты.
Алғашқы матчта Юлия Путинцева Кэти Боултердің осал тұсын тапты. Бірінші сетте британ теннисшісі басым түскен (4:6). Бірақ еліміздің 2-ракеткасы камбэк жасап, Ұлттық құрамаға басымдық сыйлады (6:3, 6:2). Айта кетейік, Юлия Путинцева Қазақстан құрамасы сапында жекелей ойындарда ең көп жеңіске жеткен теннисші. Бүгін оның сәтті сериясы 16 кездесуге жетті.
Осыдан соң хард кортқа шыққан еліміздің көшбасшысы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 22-орында) Харриет Дарттың (98-орында) адамын аштырған жоқ. Есеп: 6:1, 6:4. Осылайша, ол Қазақстанға жеңіс алып келді. Бұл Рыбакина мен Дарт арасындағы 3-кездесу-тұғын. Оның бәрі біздің спортшының пайдасына аяқталған. Осымен Елена Билли Джин Кинг Кубогынындағы жекелей сындағы 4-ойынына қатысты. Биылғы Уимблдонның жеңімпазы әлі ешкімге жол бермеді.
Жалпы есепке еш әсер етпейтін жұптық ойында Елена Рыбакина мен Анна Данилина қарсыластың Алисия Барнетт пен Оливия Николлс дуэтіне есе жіберді. Есеп 5:7, 3:6.
Айта кетейік, Қазақстан мен Ұлыбританияның осыған дейін 2019 жылы Лондондағы «Коппер бокс» аренада жолы түйісіп, алаң қожайындары ұтқан (3-1).
Енді Ярослава Шведова бастаған құрамамыз ертең, Астана уақымен сағат 22:00-ден кейін Испаниямен кездеседі. Олардың құрамы: Паула Бадоса, Нурия Парризас Диас, Кристина Бучша, Ребека Масарова, Алена Болсова. Егер жеңіске жетсе, ширек финалға жолдама алады. Қазақстан құрамасының ойындарын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықWTA FINALS: ЕЛЕНА РЫБАКИНА АРИНА САБАЛЕНКАМЕН ОЙНАЙДЫ
ДЭВИС КУБОГЫ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ДАНИЯДАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ