27.08.2024 | 10:22
Бөлісу:
РИЗАБЕК АЙТМҰХАН, ЛАУРА ҒАНИҚЫЗЫ МЕН КАМИЛЬ КУРУГЛИЕВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАДЫ
2-8 тамыз аралығында Испанияның Понтеведра қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ел намысын қорғайтын спортшылар арасында ересектер арасындағы Ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүрген Ризабек Айтмұхан (97 кг, еркін күрес), Лаура Ғаниқызы (50 кг, әйелдер күресі) мен Камиль Куруглиев (92 кг, еркін күрес) сынды бозкілем шеберлері бар. Ал толық құрам мынадай:
ЕРКІН КҮРЕС
57 кг: Мықтыбек Үкіметұлы
61 кг: Әбдінұр Нұрланбек
65 кг: Алайдар Шаттық
70 кг: Айқын Болатұлы
74 кг: Егор Анчугин
79 кг: Ерхан Бексұлтанов
86 кг: Навруз Ахмедханов
92 кг: Камиль Куруглиев
97 кг: Ризабек Айтмұхан
125 кг: Әлихан Құсайынов
ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ
55 кг - Айбек Айтбеков
60 кг - Ондасын Хамитов
63 кг - Бағдат Сабаз
67 кг - Юсуф Ашрапов
72 кг - Әлихан Дурсунов
77 кг - Диас Сейтқалиев
82 кг - Ислам Евлоев
87 кг - Темірлан Тұрдақын
97 кг - Рахат Бержанов
130 кг - Джохар Узаров
ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІ
50 кг - Лаура Ғаниқызы
53 кг - Еңлік Қабылбек
55 кг - Алияна Махамбетова
57 кг - Шұғыла Өмірбек
59 кг - Ангелина Первухина
62 кг - София Змазнева
65 кг - Қорлан Аманова
68 кг - Бейбіт Сейдуалы
72 кг - Жібекжан Сабыржанова
76 кг - Алина Ертөстік
Еске сала кетейік, Ризабек былтыр тамызда 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионатында 92 кг дейінгі салмақта күресіп, күміс жүлдеге ие болған. Ал Камиль 2022 жылы U-17 санатында әлем чемпионы атанған. Лаура биыл Бішкек пен Ыстамбұлда өткен лицензиялық салмақта жолдама үшін таласқан.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТАРИХИ СӘТ! НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
ДӘУЛЕТ ЕРГЕШ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАТЫН МҮМКІНДІК АЛДЫ
ТАРИХИ СӘТ! РИЗАБЕК АЙТМҰХАН 3 ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ